Жүктілік күнтізбесі

Біздің калькуляторды пайдалану үшін Сіз ағымдағы жүктілік аптасын таңдауға тиіссіз
I ТРИМЕСТР12345678910111213
II ТРИМЕСТР14151617181920212223242526
III ТРИМЕСТР27282930313233343536373839404142

Жүктіліктің 17-шы аптасы

Жүктілік тоғыз айға созылса да, ол жымдам дамиды. Он жетінші апта – бұл жүктіліктің бесінші айы. Әйелді алдағы босануға қатысты алғашқы толқулар мен қорқыныштар мазалай бастайды.

Жүктілік тоғыз айға созылса да, ол жымдам дамиды. Он жетінші апта – бұл жүктіліктің бесінші айы. Әйелді алдағы босануға қатысты алғашқы толқулар мен қорқыныштар мазалай бастайды. Алайда нәрестенің алғашқы қимылдары үлкен қуаныш сыйлайды, олар осы мерзімде барынша айқын сезіледі.

Болашақ ананың жай-күйі

Әйел салмақ қосуын жалғастырады, ал дөңгеленген іші жүкті әйелдерге арналған арнайы киімді нағыз қажеттілікке айналдырады. Кейбір жүкті әйелдердің басы айнала бастайды. Ол артериалдық қысымның төмендеуінің нәтижесінен туындайды, ол жүктіліктің бірінші және екінші триместріне тән.

Қан қысымы прогестерон бөлінуінің нәтижесінен перифериялық тамырлар тонусының әлсіреуінен төмендейді. Егер әйел бас айналудан зардап шексе, ол барынша азырақ қимылдап, таза ауада көп жүруі тиіс. Алайда, айрықша ауыр жағдайлар бас ауруымен және жалпы әлсіздікпен қатар жүруі мүмкін.

Түсіп кеткен қысымның кері әсерін азайту үшін ас үлесінен тамырды кеңейтетін тағамдарды алып тастаған жөн. Оларға бұршақтылар, балдыркөк, сарымсақ, жаңғақтар, цитрустылар,  мүкжидек, бүрген және қызыл тал жатады. Одан да табиғи жолмен қысымды көтеретін тағамдарды тұтынған жөн. Өзіңіздің ас үлесіңізге сүтқышқылды өнімдерді, қызыл балық пен шоколадты енгізіңіз (оны баланың аллергиясы өршімеуі үшін аздаған мөлшерде жеуге болады).

Болашақ сәбидің дамуы

img alt="" src="/media/upload/images/17.jpg" style="width: 487px; height: 336px; margin: 8px; float: right;" />17-ші аптада бала бұрынғыдай белсенді өседі және салмақ қосады. Осы мерзімде оның басының диаметрі 35 мм асады. Оның шашы көбейіп, ал бет-әлпетінен болашақ баланың кімге ұқсап туатынын білуге болады. Нәрестенің көзі толық қалыптасқан және ол жарықты қараңғыдан ажырата алады. Эксперимент жүргізуге болады: егер әйелдің ішіне шамды немесе басқа жарық түсіретін құралды жақындатсақ, бала міндетті түрде басын сол бағытқа бұрады.

17-ші аптада құлақтың ортаңғы бөлігі толық қалыптасады, атап айтсақ – құлақ сүйектері. Нәрестенің есту механизмі жұмыс істей бастайды, ол дыбыстары жүйке импульстеріне айналдырады, кейін олар мида өңделеді. Осылайша, бала дыбыстарды анық ажырата бастайды, алайда әзірге оларды талдауға қабілетсіз. Алайда қатты әрі кенет шыққан дыбыстар баланы мазасыздандырады, ал анасының даусы оны тыныштандырады.

Баланың қимылдары үйлесімді бола түседі. Бала ояу жатқанда ол өзінің денесін мұқият зерделейді: аяқ-қолдарын бүгіп-жазады, қол-аяғын мұрнына тигізеді. Бұл қимылдарды болашақ ана анық сезінеді. Он жетінші апта сәбидің тері қабаттарының ауысуымен ерекшеленеді: ол төрт қабатты болады, бұл ересек адамдарға тән. Сонымен бірге терінің астында минималды майлы қабат қалыптаса бастайды. Егер ананың зат алмасуы бұызлса, теріасты жасұнығының қалыптасуы бұзылуы және нәресте дамуының патологияларына әкелуі мүмкін.

Сәбидің қаңқасы беки түседі. Сүйекте кальций жинақталады, ал бірнеше апта бұрын шыға бастаған сүт тістері қатты сүйек тінімен жабылады, бұл тісті қалыптастырады. Өзге мүшелері мен жүйелері де дамуын жалғастырады, бұлар болашақта тек нығая түседі. 17-ші аптаның соңында баланың бойы 17 см-ге, ал оның орташа салмағы 120 грамға жетеді.

УДЗ өткізу

Көбіне ультрадыбыстық тексеруді 17-ші аптада жүргізбейді, алайда ерекшелік ретінде дәрігер осы процедураны тағайындауы мүмкін. Сонда болашақ ана өткен уақыт аралығында сәбиінің қалай өзгергенін көре алады. 17-ші аптада баланың жынысын оңай әрі нақты анықтауға болады, егер ол процедураны өткізу кезінде тиісті жағына бұрылып жатса.

УДЗ өткізу кезінде дәрігер ішкі мүшелердің жалпы жай-күйі мен жұмысын бағалайды, нәрестенің параметрлерін өлшейді және жүрек қағысының жиілігін тыңдайды. Сондай-ақ сәбидің қимыл белсенділігі бағаланады, дамуындағы патологиялар мен бұзылуларды жоққа шығарады, сондай-ақ жатыр мен қағанақ судың жалпы жай-күйі бағаланады.

Танымал мақалалар