Жаңа туған сәби

Сәби дүниеге келді, енді оның өміріңіздегі орны ерекше әрі үнемі назарыңызда. Ол өте нәзік әрі күшті. Жаңа туған сәбидің дүниеге есігін ашқан күнінен бастап 1 айға дейінгі дамуы – бұл нағыз ғажайып әрі жас ана үшін үлкен мәселе, әсіресе, ол тұңғыш сәбиі болса.

Сәби дүниеге келді, енді оның өміріңіздегі орны ерекше әрі үнемі назарыңызда. Ол өте нәзік әрі күшті. Жаңа туған сәбидің дүниеге есігін ашқан күнінен бастап 1 айға дейінгі дамуы – бұл нағыз ғажайып әрі жас ана үшін үлкен мәселе, әсіресе, ол тұңғыш сәбиі болса. Оған қалай қол ұшын беріп, әр нәрсеге алаңдамауға болады?

Жаңа туған сәби жаңа ғана тамақтану мен дамудың сенімді жүйесі болып табылатын анасының жылы құрсағынан жылы шырай таныта қоймайтын тіршілік ортасына түсті. Алайда ол қиындықтарды еңсеріп, жаңа әлемді қабылдайды және дәрігерлер не айтса да, сізге күлімдейді, бұл нағыз бақыт қой! Балаңыздың дұрыс дамып жатқанын және оның денсаулығына қатысты ешқандай қиындар жоқ екенін қалай түсінуге болады? Жай ғана баланың дамуын апта сайын қадағалау керек.

Өмірінің 1-ші аптасы: өтпелі жай-күй.

Сәби өмірінің алғашқы бірнеше күнінде ғажап өзгерістер орын алады. Біріншіден, терісінің түсі өзгереді, себебі туу күйзелісінен кейін тері қабаттары өзінің қалыпты түсіне ене бастайды. Шындығында, бала дүниеге келгеннен кейінгі 1-2 күннен соң баланың терісі сарғая бастауы мүмкін, бірақ бұл физиологиялық реакция; барлық балаларда бола бермейді және өмірінің алғашқы аптасында басылады.

Сонымен бірге жас аналарды алаңдататын бірнеше физиологиялық ерекшелік бар:

  • ықылықтау;
  • қара нәжіс;
  • іштің кебуі мен түйілуі;
  • аяқ-қолының дірілдеуі;
  • үнемі ұйықтау.

Осы процестердің бәрі жаңа туған сәби ағзасының дамуына негізделген және дұрыс дамуын растайды. Алайда, егер олардың кейбіреуі өмірінің алғашқы үш аптасында басылмаса, онда педиатрдың немесе учаскелік мейірбикенің кеңесіне жүгіну керек. Осы аптада балаға ерекше күтімнің қажеті жоқ, оның таза, қарны тоқ әрі жылы жерде болғаны жеткілікті. Ал оның дамуы мен тамаша көңіл күйіне табиғаттың өзі қамқор болады.

Өмірінің 2-ші аптасы: негізгі рефлекстері дамиды

Сіздің балаңыз қалыпты балаға толық ұқсайды, қызарғаны немесе көкшілдігі басылды, олар тек туғаннан кейінгі алғашқы күндеріне тән; бетінің әрі кіріп, әлемге белсене қарайды, көп ұйықтайды әрі тамақтанады.

Сәбидің барлық рефлекстерінің қалыпты екенін түсіну үшін үш  қарапайым сынақ өткізіңіз.

  • Сәбидің табанын немесе өкшесін қатты затпен сипап өтіңіз. Егер ол аяғын тартып алса, онда оның аса маңызды рефлекстерінің бірі қалыпты жұмыс істеуде.
  • Саусағыңызбен де осылай баланың ернін сипаңыз. Ернін дүрдитіп, еміп жатқандай шөлпілдете бастады ма? Сәбидің психологиялық және физикалық дамуының дұрыс жүріп жатқандығының тағы бір дәлелі.
  • Сонымен сізді бірнеше ай бойы қуанышқа бөлейтін ең танымал әрі белгілі рефлекс – жармасу, ұстау рефлексі. Сұқ саусағыңызды баланың алақанына салыңыз, ол сізден қатты ұстанып, біраз уақыт жібермеуі тиіс (2-3 секунд жеткілікті).

Егер осы үш рефлекс қалыпты болса, сәбидің тәбеті де жақсы болса (сору рефлексі), онда бала өмірінің осы кезеңінде оның дамуы туралы алаңдаудың қажеті жоқ, бәрі дұрыс жүріп жатыр.

Өмірінің 3-ші аптасы: дыбыстарды елеу

Өмірінің алғашқы аптасында сіздің сәбиіңізді қатты дауыспен немесе онымен бір бөлмеде теледидар көріп оятып алудан алаңдауызға себеп жоқ. Сәбидің есту қабілеті әлі дамымаған және ешқандай дыбыс ол үшін жайсыздық тудырмайды. Баланың екі құлағының да есту қабілетін педиатр анықтайды, сонымен бірге балаңыздың тезірек «естуіне» өзіңіз де көмектесе аласыз.

Бала сергек болғанда онымен сөйлесіңіз, егер ондай мүмкіндік болмаса – баяу әуезді әуенді немесе табиғаттың дыбыстарын қосып қойыңыз. Осындай іс-тәжірибелер сәбиіңіздің қоршаған ортаны қабылдау қабілетін дамытуға септігін тигізеді, ал кейбір заманауи педиатрлар осындай жолмен керемет музыкалық қабілетті дамытуға болады деп санайды.

Ерекше әрі жағымсыз дерек: жаңа туған сәби басқалардың дауысына қарағанда анасының дауысын жақсы естиді, ол сәбиге қаттырақ естіледі әрі жайлылық пен қорғаныс сезімін тудырады.

Танымал мақалалар