Қарбыз және оның пайдасы!!!

Жаз мезгілі келер келместен асыға күтіп, сүйіп жейтін жемістің бірі - қарбыз. Бала күнімізден қарбыз жемісінің дәмі тіл үйіретінін жақсы білеміз. Қарбыз жемісін ұнатпайтын адам жоқ шығар шамасы.
Қарбыз және оның пайдасы!!!

Қарбыз және оның пайдасы!!!

Жаз мезгілі келер келместен асыға күтіп, сүйіп жейтін жемістің бірі - қарбыз. Бала күнімізден қарбыз жемісінің дәмі тіл үйіретінін жақсы білеміз. Қарбыз жемісін ұнатпайтын адам жоқ шығар шамасы.

Қарбыз адам денсаулығына өте пайдалы. Адам ағзасын тазалайды. Қарбыздың 92 пайызы судан тұрады. Құрамында А, В6, С дәрумендері және ликопин бар. Сонымен қатар, аминоқышқыл және антиоксидант секілді компонентер де бар. Қарбыз мидың белсенділігін арттырады. Ақыл-парасаттың дамуына қарқынды үлес қосатын В6 дәрумені. Қарбыздың құрамында су көп мөлшерде болғандықтан ағзаға пайдасы зор. Ликопин адам ағзасындағы қауіпті заттарды сыртқа шығаратын антиоксидант. Қарбыз көзге де пайдалы. Адамның көру мүшесінің жұмысын жақсартатын А дәрумені қызмет атқарады. Қарбызды тұтыну қызанаққа қарағанда 1,5 есе пайдалылырақ. Адам денесінің терісін күн сәулесінен қорғайды, яғни ультракүлгін сәулелерден.

Қарбыз диетасын ұстаған адам денедегі артық салмақтан арылады. Дене шынықтырумен айналысатын адамдар үшін де пайдалы. Құрамында цитрулин ауырсынуды басады. Қарбыздың шырыны бұлшықет ауруларын басады.

Қарбыз шырыны көптеген ауруларды емдеп алдын алады. Қант диабеті, атеросклероз, қан қысы жоғары болуынан, простатит, цистит, артрит секілді аурулармен ауыратын адамдарға қарбыз шырынын жиі қолдану керек. Жүрек ауруларына, сүйек ауруларының да алдын алады. Бүйректің қызметін жақсартады. Несеп жолдарын тазартады. Қарбыздың кепкен қабығынан тұнба, қайнатпа жасап несеп жол ауруларына пайдаланады. Дәрігерлер бүйректегі тастары бар науқастарға қарбыз жеуді ұсынады.

Қарбыздың дәні де пайдалы. Ол құнарлы, нәрлі заттармен байытылған. Ішінде магний, темір және де минералды тұздар бар. Қарбыз дәндерінің ішек құрттары мен қан тоқтататын қасиеттері бар. Қарбызды сару ауруға қарсы пайдаланады.

Қарбыз шөлді қандырады. Қарбыз дәмді ас болып табылады. Ішсең сусын, жесең ас . Қарбыздың құрамында басқа сусын шырындарға қарағанда қант болмайды екен.

Қарбыздың Отаны - Оңтүстік Африка екен. Қарбыз ыстық жерлерде өседі. Қарбыз әлемнің көптеген елдерінде тараған. Қытай елдерінде қыркүйек айында қарбыз мерекесін жоғарғы дәрежеде атап өтіп, тойлайды екен.

Қарбыздың сырты жасыл, іші қызыл жемісін ғана білеміз. Алайда , қарбыздың сырты жасыл болғанымен, іші сары түсті түрі кездеседі екен. Бұл сұрыптары Ресейдің кейбір өңірінде өсіріледі екен. Сары түсті қарбыз жемісін дәмін татып көрдіңіздер ме?

Сіздерге сәттілік тілеймін!!!

Әрдайым денсаулықтарыңыз мықты болсын!!!

Зейіндеріңізге үлкен рахмет!!!

Оставить комментарий
Эльвира Ахмолданова

Рахмет.

Нургуль Шиныкулова

оқасы жоқ