Қырыққабат (Капуста)

Қырыққабат - адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қырыққабаттың құрамында - фосфор, кальций, калий, май, қант, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендерге өте бай.
Қырыққабат (Капуста)

Қырыққабат (Капуста)

Қырыққабат - адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қырыққабаттың құрамында - фосфор, кальций, калий, май, қант, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендерге өте бай. Ас мәзіріне көп қолдана бермейтін қырыққабат бауыр, асқазан, анемия, демікпе ауруларына бір де бір емдік қасиетке ие. Қырыққабатты қатпаршақкөкті қуырып, пісіріп, ашытып және табиғи күйінде жеуге болады. Қырыққабаттың ағзаның зат алмасуын реттейді. Және де семіздіктің алдын алып, денедегі майларды ыдыратады. Әлемде қырыққабаттың көптеген түрлері бар. Соның ішінде ас мәзіріне жиі қолданылатын сегіз түрі бар. Олар түсті (цветная капуста), кәдімгі, савой, кольраби, жапырақты, қытай, пекин және брюссель қырыққабаты. Денсаулыққа пайдасы көп, дертке шипа болатын, қырыққабаттан әзірленетін тағамдар түрлері.

Гүлді қырыққабат (цветная капуста) салаты

Салатты әзірлеуге қажетті заттар: гүлді қырыққабат (цветная капуста), көк пияз, аскөк, қызыл тәтті болгар бұрышы, сүйексіз зәйтүн жемісі, салат жапырақтары, ақжелкен, күнбағыс майы, тұз.

Салатты әзірлеу әдісі:

Қырыққабаттың басындағы гүлшоғырын бөлшектеп алыңыз, тұзды суға салып, отқа қойып бір минут булап алыңыз. Буланған қырыққабатты елеуішке салып, суы сорыққанша күтіп, жақсылап сорғытып алыңыз. Отқа қыздырылған табаға күнбағыс майына салып үш- төрт минут қуырып алу қажет. Қызыл тәтті болгар бұрышын ұзынша қылып тұрап алыңыз. Қуырылған қырыққабатты салатқа арналған ыдысқа салып, үстіне туралған тәтті болгар бұрышын, салат жапырағын салыңыз. Көк пияз бен аскөкті майдалап тураңыз. Ақжелкен мен зәйтүн жемісін қосуды ұмытпаңыз. Салатқа қажетті барлық заттарды араластырып үстіне 2-3 қасық күнбағыс майы мен тұз өз қалауыңызша қосыңыз. Салат дайын.

Қырыққабат (Капуста) котлеті

Әзірлеуге қажетті заттар: қырыққабат - 1 дана, жұмыртқа - 1 дана, жарты стакан сүт, су немесе еттің сорпасы, 1 ас қасық сары май немесе маргарин, 4 ас қасық ұнтақ жармасы, күнбағыс майы және тұз қалауыңыз бойынша.

Котлетті дайындау әдісі.

Қырыққабаттың ортасындағы өзегін алып тастап, ұсақтап тураңыз.. Үстіне 1 ас қасық май және аздап еттің сорпасы, су немесе піскен сүт құйып, табаға салып бұқтырыңыз. Араластырып тұруыңыз. Дайын болған қырыққабатқа жайлап ұнтақ жармасын себе отырып, жақсылап араластырыңыз. Ұнтақ жармасы толық піскенше, баяу жанған отта 10-15 минут қайнатыңыз. Дайын болған қоспаны сәл ғана суытып, 1 дана шикі жұмыртқаны, тұзды салып араластырыңыз. Қоспадан қамырша илеп, котлет жасаңыз. Оны кептірілген нан ұнтағына аунатып алыңыз. Табада қыздырылған майға екі жағын аударыстыра отырып қуырып алыңыз. Қырыққабат котлеті дайын. Котлетті қаймақпен жеуге болады.

Астарыңыз дәмді болсын!!!

Оставить комментарий
Салтанат Нуржанова

өте пайдалы ақпарат

Нургуль Шиныкулова

рахмет))))))))

Талгат Кадырович

орамжапырақ деп атауға болады

Нургуль Шиныкулова

дұрыс екен. Келесі мақалада ескеремін. Рахмет

Эльвира Ахмолданова

Рахмет статьянызга.

Нургуль Шиныкулова

сізге рахмет