БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ас мәзірі! 2-бөлім

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ас мәзірі!

Баланың ас қорыту жүйесі өте нәзік болғандықтан тағам таңдауда ерекше назар бөлген жөн. Баланың әртүрлі тамақты қабылдауы ас қорыту ерекшелігіне және баланың талғамына байланысты.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ас мәзірі! 2-бөлім

Мақаланың жалғасы.. 2- бөлім

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ас мәзірі!!!

Әдетте балалар жеміс - жидектерді көкөністерге қарағанда ұнатып, жақсы жейді. Балалар жемістерді түріне, тәттілігіне қарай таңдап жейді. Ботқаларды балалар көбінде таңдап жейді. Ботқалардың түрлері жас ерекшеліктеріне қарай өте көп. Дәнді дақылдардан дайындалған ботқаларда дәрумендер мен минералдар кең молынан кездеседі.

  • Жемістер.

    Мына жемістерді өмірінің алғашқы жылында балаға: алманы, алмұртты, өрікті, шабдалыны, қара өрікті, ананасты, бананды, пісірілген, консервіленген немесе шикі күйінде де беріп көрген боларсыз. Дегенімен балаңызға консервіленген жемістерді беріп қажеті жоқ. Өйткені, оның балаға берер пайдасы шамалы. Цитрустарды бергенде бақылап, байқап , аз мөлшерден бастап берген жөн, балада аллергия туғызуы мүмкін.
    Шабдалы, өрік, апельсин сияқты жемістерді балаға жастан асқан соң бере бастауға болады. Ал, төрт жасқа толмаған балаға жемістерді қабығынан, сүйегінен тазартып беру қажет. Тазартпаған күнде балаға сыртын мұқият жуып, құрғатып сүрту беру керек.
    Жемістердің сүйегін ішін бала өзі тазартып үйренгенге дейін өзіңіз жақсылап тазалап беріңіз.
    Қарбызды және қауынды балаға 2 жастан асқан соң біртіндеп бере бастағаныңыз жөн.
    Кептірілген жемістерден жасалған компотты бала жасқа толғанға дейін бере бастауға болады. Ал, кептірілген өнімдердің өздерін баланың 2 жасынан бастап берген дұрыс.
  • Ботқалар.

    Қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде, баланың төрт - бес айларынан бастап толығымен өзі тамақтана алатын жасқа дейін бейімделген әртүрлі ботқалар кең көлемде сатылымда көп кездеседі. Олардың барлығын балаңыздың жас ерекшелігіне және ықыласына байланысты беруіңізге болады. Бірақ, айта кететіні үнемі бір түрлі ботқаны бере бермеуіңіз керек. Оларды үнемі алмастырып отыру қажет. Бала жабысқақ ботқадан гөрі, не сұйық, не қатты тамақты ұнатады. Сұлы және бидай жармасынан дайындалған ботқалардың құндылығы жоғары, себебі оларда минералдар мен дәрумендер кең көлемде кездеседі.
    Егер, ботқа жеу баланы жалықтырса, нанды қуырып беруге болады. Нанға май немесе жеміс жағып берсеңіз, оның да құнары ботқа тәріздес болады.
    Баланың асқазаны әлі майлы тамақты жеуге бейімделмегендіктен, өзіңіз жейтін тағамды балаға бермеуге тырысыңыз. Тамақты суға пісіріп, содан кейін үстіне маргарин немесе сары май қосқан дұрыс, ал бірінші тағамдарды қуырылған өнімдерді қоспастан бұрын, бөлек құйып алып беріңіз.

Баланы дұрыс тамақтануға дағдылау қажет. Тек дұрыс тамақтанған баланың дені сау, денсаулығы мықты, иммунитеті жоғары, сымбатты, келбетті болып өседі.

Жалғасы бар....

Оставить комментарий
Эльвира Ахмолданова

Оте керемет.