ӨЗІҢЕ СЕН! ЖАНҰЯДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ АДАМ

Көп балалы жанұяда, және ұлдар арасында өскеннен кейін бе, ешқашан өзімнің сыртқы келбетіме аса мән бермейтін. Оған қоса өзімді еш уақыт алдыға қоймай, әрқашан үлкендердің үмітін ақтаумен, тұрмыс құрғалы жолдасыммен, балалардың жағдайын ойлағаннан аса алмадым. Бұның барлығы және декретте 3 жыл отырғаннан түңіле бастадым. Қоршаған адамдарды бақытты қылу мақсатында, өзімді бақытсыз сезіне бастадым. Бүгін бақытты әйел болу жолында ең алғаш өзгерісім туралы айтпақпын.
ӨЗІҢЕ СЕН! ЖАНҰЯДАҒЫ ЕҢ МАҢЫЗДЫ АДАМ

Қазір мен боянып білмеймін, шаш үлгісі тұрмақ, шаштаразға шашымды қиюға 3-4 айда бір рет барамын. Киім алғанды өзім ұнатпағаннан ба, киімдерімді жаңартпағалы көп болды. Оның сыртында өзіңе ақша жұмсайын десең, балаңа аяқ киім сыймай қалады, не машинаның майын ауыстыру керек, және т.с.с. неше түрлі себеп пайда болады. Яғни, мен өмірінің қай кезін алмайын, мен әрқашан басқа адамдардың үмітін ақтаумен, жағдайын ойлаумен сүріп келгем.

3-3,5 жыл декретте отырып, қоршаған ортамен араласпай, мен негізі түңіле бастадым. Балаларымның бақытын, жолдасымның тамағын ойлап жүріп, өзім еш көңіл аудармадым. Содан артық салмақ, сенімсіздік тағысын тағы.

Бірақ осыдан жарты жыл бұрын ба, балалар тәрбиесіне байланысты кітап оқып, маған бақытсыз адам, басқа адамды бақытты қыла алмайды. деген сөйлем қатты әсер етті.

Шынымен басқаларды бақытты қылуға тырысып жүргенде, өзім бақытсыз, түңеліп жүргеннен мен еш пайда алып келмеймін. Балаларымда бақытсыз ана болса, олар одан бақытты болмайды. Оларда тікелей болмаса, мидың бір түбірінде, анамыз біз үшін бақытсыз деген түсінікте пайда болуы мүмкін.

Осы сәтте, менің өмірге деген көз қарасым күрт өзгеріп кетті.

Жолдасым мені қолдап, мен немен айналысқым келетінді ақылдастық. Негізі мен үйренген заттарыммен бөліскенді жақсы көремін, содан ютубта канал ашамыз деп шештік. Мен қайта достарыммен кездесе бастадым. Спортпен айналысып, соңғы жолы маған дамуға көмектесетін тренингтерге де қатысып жүрмін.

Сіздерге таныс па білмеймін, балаларыңа қарамасаң, не өзіңді бірінші орынға қойсаң өзімді эгоист, оңбаған ана секілді сезінетінмін. Үйдегі қаражат, не тағамның өзін мен алдымен ең тәттісін балаларыма, жолдасыма беріп, мен өзіме балалар тауыспаған тамақтарын бітіріп, өзім 4-5 жыл ескірген киім кие берсемде, алдымен балалрды киіндіріп, сосын жолдасым жұмысқа барады, соған дұрыс заттар алып. Мен әрқашан өзімді соңғы планға қоятынмын.

Бұл дұрыс стратегия емес. Қазір бізде ең дәмді, ең тәтті зат ол анаға, өйткені ана қыз, ананы қорғау керек. Ананы аялау керек, әйел бақытты болса, жанұяда бақытты.

26 жылдан кейін басқа ақыл кірген ғой. Осыдан жанұяда ешкім ұтылмайды, мен кездесулерден кейін, демалып, көңілім көтерілген соң, мен балаларға, түңіліп жүрген күйімнен артығырақ бере аламын. Қандай өзгеріс болмасын, ең бірінші өзгеріс мида болу керек. Мен бірінші орындамын деп, балаларға қарамай тағы қуып кетпеу керек әрине. Кез келген заттың ортасы болған жақсы ғой. Өзімізге деген қарым-қатынасты дұрыстап, өзімізді бағалай білейік. Біз бақытты болсақ, жанұямыз бақытты болады. Ал әр жанұя бақытты болса, адамзат барлығы бақытты болады.

Оставить комментарий
Д 17 .

жолдасыныз сизди багаласа, сизди колдаса, бул да бир бакыт

Назерке Құлжабай

келісемін.