Әйел, ана болудан шаршасаңыз немесе "Қашып кеткім келеді"

Басқа жерге, қалаға, қашып кеткім келеді, барлығынан шаршадым, әлсіздік, күнделікті агрессия, еш нәрсеге қызығушылығым жоқ, кінә сезімі, жағымсыз сезімдер, атап айтқан қалып сізге таныс болса, бүгін әңгіме әйел адамның “Қашып кету синдромы” туралы болмақ.
Әйел, ана болудан шаршасаңыз немесе

Әрине мен барлық әйел атынан сөйлеуге құқығым жоқ. Дегенмен менің ойымша барлық әйелде, жұмыспен үйді де алып жүрген, не тек үйде бала қарап отырған әйелдің, бір баламен, не бірнеше баламмен отырған әйел әрқайсысы осы күйді кешетін кездер болады. Біз не үшін шаршаймыз, негізі себептер әр түрлі және көп болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін қарапайым шаршау, физикалық түрде шаршау, ұйқының қанбауы, не босанғаннан кейінгі депрессия, босанған соң өміріңнің түбегейлі өзгеруі, өзіңе уақыттың тапшы болуы, себеп алуан түрлі.

Егер осы қаліп сізге таныс болса, осы қаліптен шығудың жолдарымен танысайық.

1 Мінсіз адам жоқ, шаршағанды қабылдау.

Әлеуметтік желі пайда болғалы бір жақсысы кім не істеп, жаңалықтарды біліп отырамыз. Бірақ үлкен кемшілігі де бар. Кемшіліксіз, мінсіз адамдар образы пайда болады. Әрине олар үшін қуанасың, бірақ кейде іште бір жағымсыз сезім пайда болатын сәттер болады. Менің өмірімде не дұрыс емес? Мен не дұрыс істемеймін?

Мен өзім басында шаршадым деп айтуға ұялатынмын, мен АНАмын ғой. Ана қалайша шаршайды? Меніңше ана тәулік бойы істейтін дүкен секілді болу керек деп. Бірақ физикада өткен энергияның сақталу заңын ескермегенмін. Энергияны бере бере алмаймыз, оны толықтырып та отыру керек. Сондықтан ең бірінші қадам шаршағаныңды қабылдау, мінсіз адам жоқ екенін қабылдау.

2 Жанұядағы ең маңызды адам
Жанұяда ең маңызды адам кім? Ол АНА. Өйткені жанұяның бақыты тікелей әйелдің көңіліне байланысты. Егер әйелдің көңілі көтеріңкі болса, барлығының көңілі көтеріңкі. Төмен болса, барлығының көңілі төмен. Бір зерттеулер бойынша бала 3 жасқа дейін, кейін 14 жасқа дейін ананың көңілін қатты сезеді екен. Күліп жүріп, бірақ іштей күйзелсеңіз, оны бала сезеді. Сондықтан ананың сезімі, өзінің бақытты сезінуі өте маңызды.

3 жоспар құру, уақытты дұрыс өткізу
Жоспар бизнесі бар, жұмысы бар адамға емес, оқушығада, студентке де, үйде отырған әйел адамғада қажетті зат. Мен жоспар құрған кездері, күнім бос өткізбей, біршама пайдалы заттар орындаймын. Жоспар құрмаған кездері, уақыт бос өтеді.
Жоспар құру арқылы біз біріншіден қажеттіліктерімізді жақсырақ түсінеміз, екіншіден жалқаулықпен күресудің жақсы амалы, жоспарлап қойған соң, істемесең тағы болмайды, ал істелінген заттар арқылы өзіміздің маңызды екенімізді, өзімізге деген қарым-қатынас жоғарылайды. үшіншіден өмірдің ынтасынан қалмай, уақытты толыққанды қолданып үйренеміз.
Бірнеше істі қатар алып жүріп үйренген жөн. Жоспарға үй шаруасынан тыс, кітап оқу, даму жолдарында қосқан абзал. Қазір интернет арқасында декретте отырып тағы бір қосымша оқуды бітіріп алуға болады. Ақылы емес, тегін онлайн курстар толып тұр. Мүмкіндіктерді қолданып, әрқашанда дамып, өмір қарқынынан қалмаған жөн.

4 Ашуланып, өмірге наразы болудан, әрекет жасау
Өкіну, ренжу, өмірге, адамдарға наразы болған еш жақсылық алып келмейді. Шынында сізді, сіздің жағдайыңызды ешкім түсінбейді. Жолдасыңыз енеңіз, дос қыздар, ер адамдар қайсысы болмасын, көпшіліктің ойынша үйде отырсың ғой, не бітіріп жүр деген секілді ойлайды.
Бар күшіңізді өміріңізді жеңілдетуге жұмсаңыз. Бала күнде жылайды ма, жылағанына ашуланып шаршамай, іздену керек, себебін тауып, әрекеттер қолдану керек.

5 Үй шаруасын жеңілдету
Шынында, Көбіне әйелдер өздері өмірлерін қиындатады. Өмірімдегі ең ауыр 42 күн, ол екі баламды туған екі күн және тұңғыш баламның қырқынан шыққанша дейінгі уақыт. Сондықтан максималды түрде шаруаны жеңілдетіп, кейде шаршап тұрғанда бос уақыт табылса демалып алған жөн.
Міндетті түрде еті бар, салаты бар күнде 100 түрлі тамақ дайындамай, арасында құр қарақұмық, гречка дейді ғой соны құр суға бұқтырып, айранмен жесе керісінше денсаулыққа, асқазанға өте пайдалы.

Қорытындылай, Шаршаудың алдын алу, уақытылы энергияны толықтырып, өзімізді жақсы көргенде, маңызды екенімізді сезінуде, өзімізге уақыт бөліп, дамуда. Егер өзімізге қамқоршы болсақ, біз басқаларға да қамқоршы бола аламыз. Бақытты болсақ, басқаларды да бақытты ете білеміз.

Мақала видео нұсқасы, менің каналымда бар.

Оставить комментарий