Перзентханаға керек заттар І Жүктілерге арналған жадынама (09.2016)

Перзентханаға заттарды алдын-ала 35-36 аптадан кеш дайындамаған абзал. Негізі керек заттардың тізімі сіздің Алмасу картаңызда болуы шарт. Бірақ мен бірінші рет босанған соң, не керек, не керек емес екенін білген соң, тізімнен керек заттарды алып, болмаған заттарды керісінше қостым.
Перзентханаға керек заттар І Жүктілерге арналған жадынама (09.2016)

Перзентханаға заттарды алдын-ала 35-36 аптадан кеш дайындамаған абзал.


Егер де тіркелген мекен жайыңызға байланысты, қай перзентханаға қарастысыз, сол жерден алдын ала заттар тізімін сұрап алуға болады. Өйткені кейде әр перзентхананың өзінің талаптары болуы мүмкін.

Алдымен құжаттарға тоқталайық:
- алмасу картасы. Сіздің жүктілігіңіз қалай өтті, УЗИдің шешімдері. Бұл ақпараттың барлығы босанар кезде дәрігерлерге қажет болады.
- жеке куәлік көшірмесі. Жолдасыңызбен барсаңыз оның да куәлігінің көшірмесі артық болмайды.
- Жолдасыңыздың (ана, әпке, дос қыз) флюрасы. Сіздерде серіктестік босану болса, қасыңыздағы адамыңыздың флюрасы және таза киімі болу керек.

Анаға керек заттар:
- телефон және оның зарядкасы. Кез келген сұрақтармен, не қажет зат қосымша алып келуге жақындарыңызға хабарласуға, сосын енді баламызды фотоға түсіреміз.
- киім-кешек. Перзентханаға мода көрсету үшін емес, бала босану үшін барады. Сондықтан алған киімдердің басты шарты сізге ыңғайлы болуы, және 100 пайыз мақтадан болғаны абзал. Өйткені балада аллергия болуы мүмкін. Мен арнайы емізуге ыңғайлы халаттар алдым. Оның сыртында іш киім, сүртінетін орамал, ыңғайлы аяқ киім ;
- гигиеналық заттар. Паста, тіс щеткасы, тарақ. Сабыннан иіссіз, басқа қоспалары жоқ, кәдімгі кір сабын алғанды ұсынамын. Төсемелердің молынан болғаны дұрыс, арнайы босанғаннан кейінгі уақытқа арналған түрлері болса, дұрс болады;
- Ыдыс-аяқ. Міндетті түрде емес, дегенмен асханаға барып сұрамай, қалаған уақытыңызда сусын ішу үшін, өзіңізбен ала барған жөн;
- тағам. Бірінші рет босануға барғанда, толғақ таңғы 5-те басталып, таңғы ас ішпей, кейін түскі асты да өткізіп алып, онсызда әлсіз болып жатқанда, тағам болмады. Дүкенде істемеді. Сондықтан екінші рет өзіммен сушки ала бардым. Мен су көп ішетіндіктен, және толғақ кезінде су көп ішу керек болғандықтан 1,5 литр гассыз су алдым.


Бірінші рет босанғанда, туыстарым әлі дүниеге келмеген балаға заттар алуға болмайды деген соң, бірінші рет ешнәрсе апармадым. Негізі ондай ырымға мен сенбеймін. Босанған соң, анамыз бала заттар алып келді. Екінші рет, тұңғышымыздың киімін жуып, үтіктеп дайындадым.
Балаға керек заттар:
- жаялықша, жөргектер. Қалыңынан, жұқасынан. Жыл мезгіліне қатысты, қыста қалыңынан көбірек алыңыз;
- қолғап, шұлық, бас киім, жейде;
- подгузник, көбірек;
- дымқыл майлықтар;
- бепантен.


Толығырақ екінші рет босанар алдында 40-41 аптада перзентханаға керек заттарды видеоға түсірген болатынмын. Видеода айтылған заттардың барлығы қажет болды. Сіздерге пайдасын тигізеді деген ойдамын.

Оставить комментарий
Д 17 .

Алғаш ана боламын деген әйелдерге өте қажет информация

Назерке Құлжабай

Пайдалы болуға тырысамын. Пікіріңізге рахмет!