Мақал-мәтел жайында не білесіз?

Қазақша тәлім-тәрбие көріп, балағат сөздердің орнына, бала күнімнен мақал –мәтелді естіп, біліп өстім. Сол кезде мағынасын жетік түсінбеген, жадыма сақталған мақал мәтелдердің түпкі ойларын енді түсініп жататын кездерімде бар. Мақалдардың кейбіреулері тура мағынада немесе ауыспалы және астарлы мағынада айтылған.
Мақал-мәтел жайында не білесіз?

Мақал-мәтел жайында не білесіз?

Қазақша тәлім-тәрбие көріп, балағат сөздердің орнына, бала күнімнен мақал мәтелді естіп, біліп өстім. Сол кезде мағынасын жетік түсінбеген, жадыма сақталған мақал мәтелдердің түпкі ойларын енді түсініп жататын кездерімде бар. Мақалдардың кейбіреулері тура мағынада немесе ауыспалы және астарлы мағынада айтылған.

Мысалға Айдағаның бес ешкі ысқырығың жер жарады - Бұл мақал түпкі мағынасы, азантай ғана жетістікке жетіп, даңдайсыған адамдар жайында аста -һрлап айтылған. Тағы бір мақал Сенген серкем сен болсаң күйсеген аузыңды ұрайын - бұл мақалдың мағынасында терең. Серке деген ол ешкінің басшысы (еркегі). Яғни, - сенген, үміт артқанның, істеген ісіне көңілі қалған уақытта айтылған сөздер.

Жығылып жатып, сүрінгенге күлме .

Сарт санасымен байыды -тек армандаумен ғана емес, еңбек еткен адамның жетістікке жету ықтималдығы жоғары екендігі жайында айтпақ болған мақал.

Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей - мағынасы айтпаса да түсінікті. Еңбектенудің арқасында аш болмайтындығы жайында.

Ас- адамның арқауы .

Алтын көрсе періште жолдан таяды - ауыспалы мағынада айтылған мақал. Бұл мақалдың мағынасы, дүниенің байлығы дұрыс жолмен жүрген адамдарды да азғыруы мүмкіндінің болуы деген. Ал, кейбіреулер теріс түсініп жатады. Періштеге -ешбір алтын қажет емес, періштеге -алтынның еш қажеті жоқ, періште- алтынға мұқтаж емес және ол ешқандай алтынға жолынан адаспайды.

Ананың көңілі балада- баланың көңілі далада - тура мағынада айтылған мақал. Ана тек бала деп, бар көңілі баласына ауыстырады. Жанын шүберекке түйіп алып, баласының амандығын, саулығын әрдайым тілеп отырады.

Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала

Ағайын бар болса, көре алмайды жоқ болса , бере алмайды .

Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса - ас көп .

Бөлінгенді - бөрі жейді . Жалғыз адамның жетістістікке жетуі екіталай екендігі жөнінде.

Ауыруын жасырған -өледі . Іштен түңіліп, түйілмей, дертін айту керек екендігі жайында.

Балалы үй базар, баласыз үй - мазар

Әлін білмеген әлек .

Шеше көрген тон пішер, әке көрген -оқ жонар . Қыздың анасына қарап, өсендігі жайында айтылған мақал.

Әкенің жақындығы - жездедей -ақ .

Алтынның қолда барда қадірі жоқ . Қолындағыны бағалап, қадірлеу керек екендігі жайында айтылған мақал.

Қарғада баласын аппағым дер . Ата-ата үшін - бала әрдайым ең көрікті болып табылады.

Жақсы сөз жарымы ырыс , Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады - деген мақалдарды сөздің күші жайында айтылған.

Міне осындай жадымда жүрген мақалдарды бірнешеуін, мағынасын ашып жазуға тырыстым. Ал, сіздер қандай мақал білесіз??

Оставить комментарий
Куралай Акылбаева

Керемет,әр мақалға талдауды тамаша жасадын!

Нургуль Шиныкулова

рахмет