Қыз баламен алғашқы сырласу: етеккір!

Бастапқы қарапайым физиологиядан басталатын әңгіме ана мен қызының арасындағы нағыз сырласуға, жақындасуға әкеледі. Күрделі мәселелердің, жағымсыз жайттардың туындау себебі құпия әңгіменің, сырласудың болмауынан болуы мүмкін.
Қыз баламен алғашқы сырласу: етеккір!

Қыз баламен алғашқы сырласу: етеккір!

Бастапқы қарапайым физиологиядан басталатын әңгіме ана мен қызының арасындағы нағыз сырласуға, жақындасуға әкеледі. Күрделі мәселелердің, жағымсыз жайттардың туындау себебі құпия әңгіменің, сырласудың болмауынан болуы мүмкін.

Заманымызға сай балаларымыз әлдеқайда белсенді және шапшаң. Осыған орай, көп нәрсені бала өзі түсініп алады деп, ойлайтындар кездесіп жатады. Ал шын мәнісінде келетін болсақ, балаға өмірдің әрбір кезеңіне ата-анасының дайындық жасауы өте маңызды мәселе болып табылады. Әлбетте, бірінші қыз балаға.

Қыз баланың 8-9 жасқа толғаннан бастап, дене бітімінде көптеген өзгерістер пайда бола бастайды. Етеккір келуіне ертерек болғанымен, жыныстық жетілудің алғашқы белгілері байқала бастайды. Бойы өсіп, ұзарып, денесіне салмақ қосады. Кеуде тұсындағы сүт бездері дөңгелене бастайды. Бұл өзгерістер барлығы қыз бала ағзасының етеккірдің келуіне дайындалуы. Ата- бабаларымыз 13 жас отау иесі деп айтып жатады. Бұл қыз баланың даму сатысын, ересек өмірге дайын екендігінің белгісі.

Етеккір дегеніміз сыртқы жыныс ағзаларынан қанның бөлінулердің пайда болуын айтады. Міндетті түрде дәрігерге көріну керек, егер етеккір қыз балаға 10 жасқа дейін келсе, немесе 16 жасқа дейін келмеген жағдайда.

Ата-анасы алдын ала дайындаған қыз бала етеккірдің алғашқы келуін сабырмен қабылдайды. Дайындамаған жағдайда қанды көріп, шошып кетуі де мүмкін.

Сонымен, қыздар арасындағы құпия сұхбат немесе құпия сырласу құру үшін, алдын ала жоспар дайындаңыз.

Ерекше назар аударуды қажет ететін жайттар.

Сіздерге ешкім кедергі жасамайтын, назарыңызды бөлмейтін құпия сырласуға қолайлы жерді және уақытты таңдап алаңыз.

Дөрекі немесе қатаң сөйлемеңіз. Бұл әңгімеге кері әсерін тигізеді. Қыз баланы өзіңізге баурап, жылы лебізіңізді білдіріңіз.

Әр сөзіңіз түсінікті етіп ашып айтыңыз. Терминдердің әрқайсын түсіндіріңіз. Симптомдарды етеккірдің алғаш келуі, жеке бас гигиенасы, бел немесе іштің төменгі жағының тартылып, ауру мүмкіндігі, етеккірдің келу уақыты мен ұзақтығын, қайта келу циклы барлығын жеке түсіндіру қажет.

Қыз баланың жаңа ақпаратты дұрыс, әрі тез қабылдауы үшін, сіз де кішкентай кезде осындай кезеңдерден өткеніңізді айтып, өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

Сонымен бірге қыз балаға мына ақпараттарды айта кеткен дұрыс:

  • Қыз баланың етеккір кезіндегі жеке бас гигиена ережелерін ұстануын үйрету. Денсаулығы жақсы, спортпен шұғылданатын, жақсы тамақтанатын қыз баланың етеккірі жеңіл өтеді.

  • Ауыр физикалық жұмыстар жасауға, ауыр зат көтеруге болмайтынын ескертіңіз.

  • Етеккір кезінде сыртқы жыныс мүшесін таза ұстағаны маңызды. Жылы сумен жуынып отыруын уйрету керек.

  • Етеккір уақытында бассейн, ваннаға, өзен, көлдерге суға түсуге болмайды. Себебі, менструация ауру тудырғыш микробтарға жол ашады да жыныс мүшесінің қабынуына әкеледі.

  • Етеккір кезінде ыстық моншаға түспеген дұрыс.

  • Арнайы күнтізбе құрып, оған етеккір басталу күнін, ұзақтылығын жазып отыруын көрсетіңіз .Алғашқы күнтізбені жасауға көмектесіңіз.

  • Етеккір кезінде ащы тағам, суды көп мөлшерде қолданбағаны абзал, Себебі олар қан ағуын күшейтеді.

  • Етеккір кезінде жылы киініп, аяғы жылы жүргені дұрыс.

зейін бөлгендеріңізге рахмет!!

Оставить комментарий